Кентау политехникалық колледжінің 4-курс студенті Улугбек Бахтияров жұмысшы мамандарын даярлауға арналған оқу стендін жасап шығарды.
ASAR-1 — инженерлік мамандықтарды біріктіретін білім беру стенді. Оның көмегімен 13 түрлі инженерлік және техникалық бағыттардың негіздерімен танысуға болады. Бұл стенд оқушыларға болашақ кәсібін таңдауға мүмкіндік береді. Мұнда сондай-ақ электроника, автоматтандыру, бағдарламалау және мехатроника бағыттары бойынша практикалық тапсырмаларды орындауға болады.
Стендте 22 түрлі датчик пен компонент қойылған. Олардың қатарында DHT11 температура мен ылғалдылық датчигі, дыбыс датчигі, газды анықтау сенсоры, RFID модулі, Bluetooth және Wi-Fi модульдері, ультрадыбыстық датчик, сервомоторлар, дисплей, жарықдиодтар, реле және басқа да элементтер бар.
«Мен оқушылардың мектеп қабырғасынан бастап мамандық таңдап, оған кәсіби тұрғыда дайындалуына көмектескім келеді», — дейді Улугбек.
Білім жаңалықтары
Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары
09.06.2025 | 271
Кентау колледжінің студенті оқушыларға кәсіби бағдар беретін ерекше стенд жасады
Кентау колледжінің студенті оқушыларға кәсіби бағдар беретін ерекше стенд жасады
Жоба авторының айтуынша, стендті жасауға алты ай үздіксіз инженерлік жұмыс пен ізденіс қажет болды. ASAR-1 елімізде жарияланған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ерекше маңызға ие. Бұл стенд ауыл мектептерінен бастап, ірі қалалардағы оқу орындарына дейін кеңінен таралып, техникалық мамандықтардың мәртебесін көтеріп, жастарға ерте жастан кәсіби бағдар беруге үлес қоса алады.
#жұмысшымамандықтаржылы #годрабочихпрофессий
#жұмысшымамандықтаржылы #годрабочихпрофессий
-
17.06.2025 | 68
Қазақстандық оқушы Еуропаның ең үздік физигі атанды
-
17.06.2025 | 75
Жаңа оқу жылында Қазақстанда 200-ден астам мектеп салынады
-
12.06.2025 | 162
КҮН САНЫ
-
10.06.2025 | 194
Биыл 170 мыңнан астам студент колледж бітіреді
-
09.06.2025 | 246
Әр екінші қатысушы — жүлдегер