Білім жаңалықтары
24.06.2025 | 21
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы әзірленуде
Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының ақпараттық картасы әзірленуде
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Talap» КЕАҚ техникалық және кәсіптік білім беру бойынша ақпараттық картаны әзірлеуде. Бұл платформа еліміздегі колледждер туралы кешенді және өзекті ақпаратты бір цифрлық картада және ыңғайлы форматта шоғырландырады.
Интерактивті карта пайдаланушыға қажетті өңірді тез табуға және аймақтағы колледждер, студенттер мен оқытушылардың саны, жатақханалар, спорт залдары және басқа да нысандар, даярлау бағыттары мен мамандықтар тізімі жөнінде ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Платформада аймақтар, аудандар, нақты колледждер мен білім беру бағдарламалары бойынша икемді іріктеу жүйесі қарастырылған.
«Бүгінде мұндай ақпарат тек жекелеген платформаларда немесе жергілікті атқарушы органдардың сайттарында ғана жинақталады. Жаңа карта ел аумағы бойынша деректерді біріктіріп, уәкілетті органдар, студенттер мен олардың ата-аналары үшін де пайдалы құралға айналады», — деді ҚР Оқу-ағарту министрлігінің техникалық және кәсіптік білім беру департаментінің директоры Әсет Мұханбетов.
Қазіргі уақытта техникалық және кәсіптік білім беру картасының өзекті нұсқасы сайтта қолжетімді. Пилоттық іске қосу 2025 жылдың шілде айына жоспарланған.
Жүйе «Talap» КЕАҚ ресми сайтында және map.talap.edu.kz/map мекенжайы бойынша қолжетімді.
-
-
20.06.2025 | 172
Павлодарлық студенттер сирек кездесетін құс тұқымдарын өсіруде