Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

25.06.2025 | 31

«Таза Қазақстан» акциясы аясында балалардың қатысуымен 44 мың экологиялық іс-шара өтті

«Таза Қазақстан» акциясы аясында балалардың қатысуымен 44 мың экологиялық іс-шара өтті

ҚР Үкіметінің отырысында Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Таза Қазақстан» республикалық акциясы аясында өткізілген іс-шаралар туралы айтты.

2024-2025 оқу жылында мектептерде 4 мыңнан астам «Жасыл клуб» эко бірлестігі құрылды, оған 125 мың оқушы қатысты. «Жасыл балабақша» бағыты бойынша 77 мектепке дейінгі ұйым жұмыс істейді. Ата-аналар, педагогтер және оқушылармен бірлесіп білім беру ұйымдарында 44 мыңнан астам экологиялық іс-шаралар өткізілді. Оның ішінде жаппай ағаш отырғызу, экологтар, өлкетанушылар мен натуралистер форумдары, экожобалар конкурстары және еріктілер акциялары бар.

«Таза Қазақстан» тұжырымдамасы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық білім беру ұйымдарында «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасы негізінде практикалық іске асырылуда. Негізгі бағыттардың бірі өскелең ұрпақтың бойында экологиялық мәдениет пен азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру болып табылады. Бұл жұмысқа 40 мыңнан астам баланы қамтитын жас натуралистер мен жас туристер жұмылдырылған», - деді Ғани Бейсембаев.

Жазғы кезеңде экологиялық білім беру мәселелеріне ерекше назар аударылады. Жазғы науқан барысында оқушылар табиғатты қорғау жобаларына, ерекше қорғалатын аумақтар бойынша экскурсияларға, туған өлкенің тарихын зерделеу жөніндегі іс-шараларға қатысады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки