Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

25.06.2025 | 31

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды

25 маусымнан бастап Қазақстанда техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарына құжат қабылдау басталды. 2025–2026 жаңа оқу жылында грант негізінде 150 мың талапкерді қабылдау жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы (гранттар) геология, машина жасау, энергетика, IT, металлургия, көлік және тағы да басқа техникалық мамандықтар бойынша артты.

Құжаттарды электрондық үкімет порталы egov.kz арқылы немесе колледжге барып тапсыруға болады. Талапкерлерге 4 мамандық пен 4 колледжді таңдап, бір уақытта құжат тапсыру мүмкіндігі берілген.

Орта буын және қолданбалы бакалавриат мамандықтарына түсу үшін байқау міндетті және бейіндік пәндер бойынша аттестаттың орташа баллы негізінде өткізіледі.

Жұмысшы біліктілігін алғысы келетін түлектер колледжге әңгімелесу нәтижесі бойынша қабылданады.

Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін эссе немесе диктант, ал медициналық мамандықтар бойынша бейіндік емтихандар өткізіледі.

Орта буын мамандықтары бойынша (9 және 11-сынып) құжат қабылдау 25 маусым мен 22 тамыз аралығында өтеді. Шығармашылық мамандықтар бойынша — 25 маусымнан 20 шілдеге дейін. Педагогикалық және медициналық мамандықтар бойынша — 25 маусымнан осы жылдың 10 тамызына дейін.

Сондай-ақ колледжге қабылдау кезінде ҚР Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 15 тамыздағы №261 бұйрығына сәйкес квота көзделген. Бұйрықтың толық мәтінімен «Әділет» құқықтық порталында танысуға болады.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки