Білім жаңалықтары
30.08.2025 | 220
Конституция күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер ант берді
Конституция күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер ант берді
Министрліктің жаңадан қабылданған қызметкерлері салтанатты түрде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын сақтауға, халқына адал қызмет етуге, кәсіби міндеттерін орындауға және мемлекеттің мүдделерін қорғауға ант берді.
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев әріптестерін Конституция күнімен құттықтады.
«30 жыл бұрын еліміздің негізгі заңы қабылданып, Қазақстан Тәуелсіздігінің берік іргетасы қаланды. Қазақстан Республикасы Конституциясы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының теңдігін қамтамасыз ете отырып, қоғамдағы келісімнің негізі болып қала береді. Біздің басты мақсатымыз – бірлік пен тұтастықты нығайту, азаматтық жауапкершілікті арттыру, қоғамдағы келісім мен тұрақтылықты қамтамасыз ету», – деп атап өтті Ғани Бейсембаев.
Мерекеге арналған шара барысында министрлік қызметкерлерінің мектеп табалдырығын алғаш рет аттағалы отырған балалары да құттықтауға ие болды. Министр оларға мектеп сөмкесін табыстап, білім әлеміне сапарларына сәттілік тіледі.
-
-
03.09.2025 | 52
Үш ауысымды мектептердің саны төрт есе қысқарды
-
02.09.2025 | 86
4,1 миллионнан астам оқушы жаңа 2025–2026 оқу жылын бастады
-
02.09.2025 | 68
Жаңа оқу жылының сандық деректері
-
30.08.2025 | 221
Конституция күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер ант берді
-
30.08.2025 | 152
Мектептерге оқулықтарды жеткізу мен тарату толық аяқталды