04.09.2025 | 76
Білім жаңалықтары
02.09.2025 | 143
4,1 миллионнан астам оқушы жаңа 2025–2026 оқу жылын бастады
4,1 миллионнан астам оқушы жаңа 2025–2026 оқу жылын бастады
Елімізде жаңа оқу жылы басталды, бүгін Қазақстан бойынша 8 мыңнан астам мектеп 4,1 миллионнан астам оқушы үшін өз есіктерін қайта ашты. Ал 363 461 бірінші сынып оқушысы алғаш рет мектеп табалдырығын аттады.
Оқу-ағарту министрлігі заманауи әрі қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстарды жалғастыруда. Атап айтқанда, жаңа мектептер салу және ескі мектептерді қайта жаңғырту бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылды:
•127 мектеп реновация бағдарламасы аясында жөнделді, жыл соңына дейін олардың саны 245-ке жетеді;
•шамамен 1 000 мектепте модернизация жұмыстары жүргізілуде — олар заманауи жабдықтармен және функционалды оқу кабинеттерімен қамтамасыз етіледі;
•83 жаңа мектеп пайдалануға берілді, оның 57-сі «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған. Соның тең жартысы ауылдық елді мекендерде орналасқан.
Бұл шаралардың нәтижесінде еліміздің білім беру жүйесі қосымша 100 мыңға жуық жаңа оқушы орнымен толықты. Бұл — мектептегі орын тапшылығын шешу және әр балаға жайлы білім алу жағдайын жасау жолындағы маңызды қадам.
Білім күніне арналған мерекелік шаралар республикадағы барлық мектепте өтті. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері оқушыларды, мұғалімдер мен ата-аналарды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, оларға жаңа жетістіктер мен жарқын табыстар тіледі.
Айта кетейік, Қазақстанда оқу процесі 2 қыркүйектен басталып, 25 мамырға дейін жалғасады.
-
-
03.09.2025 | 144
Қазақстандық жасөспірімдер Еуропалық олимпиадада бақ сынауда
-
03.09.2025 | 90
Үш ауысымды мектептердің саны төрт есе қысқарды
-
02.09.2025 | 144
4,1 миллионнан астам оқушы жаңа 2025–2026 оқу жылын бастады
-
02.09.2025 | 112
Жаңа оқу жылының сандық деректері
-
30.08.2025 | 241
Конституция күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер ант берді
-
30.08.2025 | 162
Мектептерге оқулықтарды жеткізу мен тарату толық аяқталды