04.09.2025 | 78
Білім жаңалықтары
02.09.2025 | 119
100 мыңға жуық оқушы жаңадан бой көтерген Келешек мектептеріне қабылданды
100 мыңға жуық оқушы жаңадан бой көтерген Келешек мектептеріне қабылданды
Қазақстанда Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған «Келешек мектептері» ұлттық жобасын жүзеге асыру жалғасуда. Жаңа оқу жылында 100 мыңға жуық оқушы жоба аясында салынған 57 жаңа форматтағы мектепте білім алуды бастады.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығын, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешуге бағытталған.
Аталған жоба аясында салынған мектептер бұрынғы жылдардағы типтік ғимараттардан айтарлықтай ерекшеленеді. Барлық кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен – интерактивті тақталармен және компьютерлермен жабдықталған, бұл оқытудың инновациялық әдістерін енгізуге және білім сапасын арттыруға мүмкіндік береді.
2024 жылдың қорытындысы бойынша жаңа форматтағы 105 мектеп пайдалануға берілген еді. Жалпы ұлттық жоба аясында барлығы 217 мектеп салу жоспарлануда.
-
-
03.09.2025 | 144
Қазақстандық жасөспірімдер Еуропалық олимпиадада бақ сынауда
-
03.09.2025 | 90
Үш ауысымды мектептердің саны төрт есе қысқарды
-
02.09.2025 | 144
4,1 миллионнан астам оқушы жаңа 2025–2026 оқу жылын бастады
-
02.09.2025 | 114
Жаңа оқу жылының сандық деректері
-
30.08.2025 | 241
Конституция күні қарсаңында мемлекеттік қызметшілер ант берді
-
30.08.2025 | 162
Мектептерге оқулықтарды жеткізу мен тарату толық аяқталды