Білім жаңалықтары

Жаңалықтар легі - елдегі білім саласының хабарлары

21.10.2025 | 76

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының биылғы жеңімпаздарының есімі 22 қазан күні белгілі болады

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасының биылғы жеңімпаздарының есімі 22 қазан күні белгілі болады

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, елімізде басқарушылардың жаңа буынын қалыптастыруға бағытталған «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» стратегиялық жобасы 3 жыл қатарынан жүзеге асырылуда. Негізгі мақсат – білім беру жүйесін заманауи біліктілігі бар көшбасшылармен қамтамасыз ету.

«Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» жобасына іріктеу бес кезең бойынша жүргізіледі. Жоба халықаралық озық тәжірибеге негізделген: көптеген елдерде мектеп директорларын тағайындамас бұрын оларды арнайы даярлау міндетті талап саналады. Қатысушылар оқудан өтіп, үздік білім беру ұйымдарында тағылымдамадан өтеді және тәлімгерлік қолдаумен қамтылады. Нәтижесінде кадр резервіне қабылданған педагогтер мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшы, бірінші басшының орынбасары бос лауазымдарына конкурстық рәсімдерден өтпей-ақ тағайындала алады.

Жоба аясында екі жыл ішінде 583 жаңа буын менеджерлері дайындалды. Оның ішінде 397 басшының орынбасары, 186 педагог бар. Қазіргі уақытта олардың 419-ы немесе 71%-ы лаузымдарға тағайындалған.

Ал 2025 жылы 411 кандидат қорытынды бағалаудан өтіп, әңгімелесуге жіберілді. Әңгімелесудің қорытындысы бойынша ұсынылған кандидаттар Республикалық кадр резервіне кіреді. Жоба жеңімпаздарының есімі 22 қазан күні белгілі болмақ.

Остались вопросы? Напишите в службу поддержки