Білім жаңалықтары
06.04.2026 | 25
«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мамандары балалар үйі қызметкерлерінің біліктілігін арттырады

«Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми-практикалық институтының мамандары балалар үйі қызметкерлерінің біліктілігін арттырады
Қазақстанда алғаш рет жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалармен жұмыс істейтін педагогтерге арналған жүйелі оқыту бағдарламасы енгізіледі. Осы бастама аясында «Өркен» ұлттық ғылыми-практикалық институтының халықаралық сертификат алған 51 маманы тренер ретінде өңірлердегі әріптестерінің біліктілігін арттыруға кіріседі. Пилоттық жоба сәуір айында Астана мен Алматы қалаларында басталып, жыл соңына дейін республиканың барлық өңірін қамтиды. Оқу курстары мұғалімдер үшін тегін жүргізіледі.
Аталған жоба ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен «SOS Қазақстан балалар ауылдары» қорының ынтымақтастығы нәтижесінде жүзеге асып отыр. Оқыту бағдарламасы халықаралық сарапшылардың қатысуымен әзірленіп, заманауи әдістемелерге негізделген. Бұл өз кезегінде мамандардың кәсіби дағдыларын жан-жақты жетілдіруге мүмкіндік береді.
Арнайы әзірленген 80 сағаттық оқу бағдарламасы барлық қажетті сараптамалық қорытындылардан өтті. Айта кетейік, бүгінгі таңда еліміздегі жетім балаларға арналған 73 мекемеде 2 мыңға жуық педагог еңбек етеді. Жаңа курстар осы мамандардың әлеуетін арттыру арқылы балалар үйлеріндегі тәрбие мен білім сапасын жақсартуды, сондай-ақ балалардың әл-ауқатын қамтамасыз етудің озық халықаралық стандарттарын енгізуді көздейді.
-
-
02.04.2026 | 166
Қазақстандық колледж NCCER аккредитациясынан сәтті өтті
-
31.03.2026 | 170
Оқу-ағарту министрлігінде жаңа Конституцияны талқылау өтті

