Білім жаңалықтары
29.05.2026 | 7
ҚР Оқу-ағарту министрлігі: балаларға сапалы білім алуға жағдай жасалуда

ҚР Оқу-ағарту министрлігі: балаларға сапалы білім алуға жағдай жасалуда
Білім беру саласындағы қолжетімділік пен теңдікті қамтамасыз ету үшін елімізде инклюзивтік саясат халықаралық конвенциялар талаптарына сәйкес дамып келеді. Бұл туралы ОКҚ алаңында ҚР оқу-ағарту вице-министрі Шынар Ақпарова хабарлады. Оның айтуынша, «Білім туралы» ҚР Заңында білім берудің барлық деңгейлерінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды оқыту үшін арнайы жағдайлар жасау жөніндегі мемлекеттік кепілдіктер регламенттелген.
«Бүгінде жалпы білім беретін мектептердің 90%-дан астамында инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған», - деді спикер баспасөз конференциясы барысында.
Сонымен қатар, қала және ауыл мектептерінің арасындағы алшақтықты азайту және өңірлерде балаларды сапалы білім алу үшін лайықты жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында «Келешек мектебі» желісі құрылды. Бүгінгі күні 460 орынға арналған 217 мектеп пайдалануға берілді.
@ortcom_kz #CCS
-
-
29.05.2026 | 8
Қазақстанда балаларды қолдау жүйесі күшейіп келеді
-
26.05.2026 | 110
Қазақстанда 4 млн-ға жуық оқушы оқу жылын аяқтайды
-
25.05.2026 | 172
КҮН САНЫ

