Новости образования
08.07.2025 | 17
Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды
Қазақстандық оқушылар Халықаралық физика олимпиадасында абсолютті чемпион атанды
Ресейдің Ханты-Мансийск қаласында Халықаралық ғылыми физика олимпиадасы (ISPhO-2025) өз мәресіне жетті. Оның нәтижесінде Қазақстан құрамасы жалпыкомандалық есепте 1-орынды жеңіп алып, әлемдік көшбасшылар қатарына енді.
Әлемнің 21 елінен келген қатысушылар арасында 5 жас қазақстандық елге он марапатпен оралды. Олимпиада екі негізгі кезеңнен тұрды: теориялық және эксперименттік кезеңдер. Әр қатысушы жеке есепте екі бағыт бойынша бағаланды.
Күміс медаль иегерлері:
Роман Черемнов – Алматы қаласы «Мирас» мектебінің 11-сынып оқушысы;
Таир Әбдіқадыр –Қостанай облыстық «Білім-инновация» лицейінің 10-сынып оқушысы;
Альтаир Аканов – Астана қаласындағы РФММ-нің 11-сынып оқушысы;
Илияс Қазымбек – Алматы қаласындағы РФММ-нің 10-сынып оқушысы.
Сондай-ақ қола медаль иегері - Астана қаласы «NURORDA» мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Даниэль Тюлюбаев.
Теориялық айналым нәтижелері бойынша
1-дәрежелі диплом - Роман Черемнов, Илияс Қазымбек;
2-дәрежелі диплом - Даниэль Тюлюбаев, Таир Әбдіқадыр, Альтаир Аканов.
Жетекшілері: Самат Максутов — PhD докторы, CDU доценті, Назарали Айтжанов — CDU магистрі.
Жас физиктер мен олардың ұстаздардың жарқын жеңістерімен құттықтаймыз!
-
-
02.07.2025 | 130
Первый вице-министр просвещения РК провела личный прием граждан
-
02.07.2025 | 130
В летний период более 11 тысяч педагогов повысят квалификацию
-
01.07.2025 | 118
Что такое приемная профессиональная семья?